АҚШ 100 мыңнан астам визаның күшін жойды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Мемлекеттік департаменті қылмыстық әрекетке байланысты 100 мыңнан астам визаны қайтарып алды, деп хабарлайды Kazinform. 

АҚШ 100 мыңнан астам визаның күшін жойды
Фото: montsame

Бұл туралы cыртқысаяси ведомствоның Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарланды.
Атап өтілгендей, АҚШ құқық қорғау органдарымен байланысы болған қылмыстық әрекетке қатысты адамдарға арналған шамамен 8 мың студенттік және 2 500 мамандандырылған визаның күші жойылған. 

– Біз Американың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл қылмыскерлерді депортациялауды жалғастырамыз, - делінген жарияланымда. 

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті 6 мыңнан астам халықаралық студенттік визаның күшін жойғанын жаздық. Бұл елде заң бұзу мен мерзімі біткен соң да қалу жағдайларының көбеюімен түсіндірілді.

Сондай-ақ АҚШ Орталық Азия азаматтарына 15 мың АҚШ долларға дейін визалық кепіл енгізгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар