АҚШ адам саудасы бар елдер тізімінен Кубаны алып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Куба мен Малайзияны адам саудасы бар елдер тізімінен алып тастады, деп жазады Би-би-си.
None
None

АҚШ мемлекеттік департаменті жыл сайын даярлайтын доклад штаттар мен Куба елі арасында жарты ғасырдан астам уақытқа созылған дипломатиялық келіспеушілік жойылғаннан кейін бір апта ішінде жарияланды.

Бұған дейін АҚШ билігі Кубаны өз елінің азаматтарын мемлекеттік жобалар аясында басқа елдерге жұмыс істеуге мәжбүрлейді деп айыптаған болатын.

Ал бір жыл бұрын АҚШ Малайзияға балық шаруашылығындағы бұзушылықтары жөнінде сын айтқан.

Соңғы жаңалықтар