АҚШ: Аризонада F-16 әскери ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аризона ұлттық гвардиясының 162-інші эскадрильясына тиесілі F-16 ұшағы сейсенбі күні апатқа ұшырады. Бұл жайлы РИА Новости хабарлайды.
«F-16 ұшағы сағат 15:00-де Аризона ұлттық гвардиясымен жаттығу жұмыстары кезінде Саффордтан солтүстік батысқа қарай 32 шақырым жерде құлады», - делінген эскадрильяның Твиттердегі хабарламасында.