АҚШ арнайы өкілі бітімгершілік келіссөздері үшін Бейрутқа барды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақүйдің арнайы өкілі Амос Хокштейн сейсенбі күні ливандық «Хезболла» тобы мен Израиль арасындағы бітімге келу туралы келіссөздер жүргізу үшін Бейрутке барды. Оның келуіне бірнеше сағат қалғанда «Хезболла» бітім жасауға келісті.

Ақүйдің арнайы өкілі Амос Хокштейн
Фото: @TheCradleMedia

Амос Хокштейннің Бейрутке сейсенбі күні барғаны туралы Ливанның NNA ақпарат агенттігі хабарлады.

АҚШ пен Франция Израиль-Хезболла соғысында атысты тоқтатуға күш салды. АҚШ-тың атысты тоқтату туралы жаңа ұсынысы өткен аптада Ливан парламентінің спикері Набих Берриге жіберілді.

Набих Берридің көмекшісі Әли Хасан Халил Ливан үкіметі мен Хезболланың өткен аптада жазбаша түрде ұсынылған АҚШ-тың атысты тоқтату ұсынысына келіскенін және оның мазмұнына қатысты кейбір түсініктемелер жасағанын айтты, деп хабарлайды Reuters.

Дүйсенбі күні Ливан АҚШ-тың Ливандағы елшісіне жазбаша жауап жолдады.

Хезболла өзінің одақтасы спикер Берриді атысты тоқтату туралы келіссөздерде қолдады. Набих Берри «Хезболла» ұйымының одақтасы саналатын Ливанның тағы бір шиит партиясы «Амалдың» жетекшісі. Израиль соққыларынан Хеболланың бірқатар жетекшілері, соның ішінде оның Бас хатшысы Хасан Насралла қаза тапқаннан кейін Берри халықаралық қауымдастық пен Хезболла тобы арасында делдал болды.

Халил бұл бастаманың сәттілігі Израильге байланысты екенін айтып, егер Израиль шешімді қаламаса, «100 проблема тудыруы мүмкін» деді.

Сонымен бірге ол Израильдің Бейрут пен Хезболланың бақылауындағы оңтүстік маңындағы бомбалаулардың күшеюіне сілтеме жасай отырып, «от астында» келіссөздер жүргізуге тырысқанын атап өтті.

Келіссөздерден хабардар дипломаттардың айтуынша, келіссөздер әлі пысықталып жатыр және соңғы келісімге келу кешіктірілуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін «Хезболла» Израиль соққысынан баспасөз хатшысының қаза тапқанын растаған болатын.