АҚШ әскери күштері «есірткі лаңкестерінің» бес кемесіне тағы соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ әскери күштері есірткі тасымалымен айналысатын тағы бес кемеге шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сегіз адам қаза тапты, деп хабарлады NBC News. 

Военные США нанесли новые удары по пяти судам «наркотеррористов»
Фото: Видеодан скрин

30 желтоқсанда АҚШ әскери күштері есірткі тасымалымен айналысатын деп шамаланған үш кемеге соққы жасап, салдарынан үш адам қаза тапты. 

31 желтоқсанда тағы екі кемеге шабуыл жасалып, бір кемеде үш адам, екінші кемеде екі адам опат болды. АҚШ қарулы күштерінің қолбасшылығы оларды «есірткі лаңкестері» деп атады.

— Кемелер есірткі тасымалының белгілі жолдарымен жүріп, есірткі саудасымен айналысқан, — делінген АҚШ Оңтүстік қолбасшылығының әлеуметтік желілердегі жазбасында. 

Соққылардың нақты қай жерде жасалғаны, сондай-ақ шабуылдарға дейін кеме борттарында болған адамдардың нақты саны аталмаған. 

Мәлімдемеде сондай-ақ шабуылдардан кейін АҚШ жағалау күзетіне іздеу-құтқару операцияларын бастау қажеттілігі туралы ескертілгені хабарланды. 

2025 жылдың қыркүйегінен бастап АҚШ Кариб теңізі мен Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген кем дегенде 35 кемеге соққы берді, салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың есірткі картельдеріне қарсы соғыс бастағанын жариялаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар