АҚШ-та әскери ұшак апатқа ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM — Оклахома штатында АҚШ Әскери-әуе күштерінің OA-1K Skyraider II ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Report.

АҚШ әуе күштерінің ұшағы Оклахома штатында апатқа ұшырады
Фото: Report

Ұшақ бортында екі адам болған. 

— Бүгін таңертең Уилл Роджерс әскери-әуе күштері алаңында орналасқан 492-ші арнайы операциялар қанатына тиесілі ұшақ апатқа ұшырады… Бортта екі экипаж мүшесі болды: бір азаматтық мердігер және бір АҚШ әуе күштерінің қызметкері, — делінген хабарламада.

Ұшақ пен экипаж мүшелері штаттың ұлттық гвардиясына тиесілі емес екені атап өтілді. Әзірге жарақат алғандар тіркелген жоқ.

Бір ай бұрын АҚШ-тың әскери қызметкерлері тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар