17:16, 13 Қараша 2016 | GMT +5
АҚШ Ауғанстандағы өз елшілігін жапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде «Қауіпсіздік шараларын» қолдану шеңберінде Ауғанстандағы АҚШ елшілігі жабылды, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Дипмиссияны жабу туралы шешім кеше Кабулға жақын орналасқан "Баграм" әскери базасына содырлардың шабуыл жасағанынан кейін қабылданған. Бұл шабуылдың құрбандары екі америкалық жауынгер және екі келісімшарттық әскери болды.
Алдында екі күн қатарынан ауғандық Мазари-Шариф қаласындағы Германия консульдығына шабуыл жасалды. Келеңсіз оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, 100 адам жарақаттанды.