АҚШ Австралияға ет экспортын қайта бастайды
АСТАНА. KAZINFORM – Австралия үкіметі АҚШ-тан сиыр етін импорттауға қойылған шектеуді алып тастады. Бұл туралы The Hill басылымы хабарлады.

АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігі аталған шешімді «сауда саласындағы ірі серпіліс» деп бағалап, бұл америкалық фермерлер мен мал өсірушілерге австралиялық нарыққа кеңірек жол ашатынын мәлімдеді.
Австралияның ауыл шаруашылығы министрі Джули Коллинз Канберра АҚШ-тан ет әкелуге қатысты биоқауіпсіздік шектеулерін жеңілдететінін айтты. Оның сөзінше, тиісті бағалау шамамен бес жылға созылған.
Австралия 2019 жылдан бері АҚШ-та, сондай-ақ Мексика мен Канадада өсірілген ірі қара мал етінің импортын тыйым салынған елдер тізіміне енгізіп келген. Бұл шешім сиыр обасы (коровье бешенство) қаупімен байланысты болған.
АҚШ ауыл шаруашылығы министрі Брук Роллинз бұл жаңалықты «саудадағы ірі жетістік» деп атап, америкалық өнімді әлемдегі ең қауіпсіз әрі сапалы ет деп бағалады. Ол Австралияның бұрынғы сауда шектеулерін «абсурд» деп атады.
Айта кетейік, Австралия бай инвесторларға арналған «алтын визаны» алып тастады.