АҚШ азаматтарын Израильден эвакуациялап жатыр

АСТАНА.KAZINFORM – АҚШ елшілігі Израильден кеткісі келетін америкалықтар үшін эвакуациялауға қажетті рейстер мен круиздік лайнерлерді дайындап жатыр, деп хабарлайды Анадолы.

АҚШ азаматтарын Израильден эвакуациялап жатыр
Фото: Анадолы

АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби X әлеуметтік желісінде Иранның зымыран шабуылдарына байланысты Израильден кеткісі келетін азаматтарды эвакуациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Хакаби эвакуацияға тіркеу рәсімдері басталып кеткенін атап өтті.

Israel Hayom газетінің хабарлауынша, Иранмен басталған қақтығыстан бері алғаш рет шетел азаматтарына және дипломаттарға елден шығуға рұқсат беріледі. Ұшу күні — 2025 жылғы 20 маусым, жұма.

Сондай-ақ хабарламада Израиль азаматтары елден тек ерекше жағдайлар комитетінің рұқсатымен ғана ұша алатыны айтылған.

Осыған дейін Иранда интернет қызметі тоқтағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар