АҚШ басқа елдердің дамуына көмек көрсетуді тоқтатады

АСТАНА. KAZINFORM - Жарлыққа сәйкес, бағдарламалардың тиімділігі мен олардың АҚШ-тың сыртқы саясатына сәйкестігін бағалау үшін үзіліс енгізілді.

США приостанавливает оказание помощи на развитие другим странам
Фото: pexels.com

АҚШ президенті Дональд Трамп басқа елдерге көмек көрсету бағдарламаларын 90 күнге тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

- АҚШ-тың одан әрі сыртқы көмегі Америка Құрама Штаттары Президентінің сыртқы саяси мақсаттарына сәйкес келуі тиіс, - делінген бұйрықта.

Айта кетейік, Дональд Трамп АҚШ-та TikTok-ты бұғаттауды да кейінге қалдырды.

Инаугурацияда сөйлеген сөзінде Трамп иммиграция мен экономикаға назар аударатын «атқарушы бұйрықтар сериясына» қол қоятынын және «оңтүстік шекарада ұлттық төтенше жағдай» жариялайтынын айтты.

Бұған дейін Дональд Трамптың ант қабылдағаннан кейін алғашқы бұйрықтарына қол қойғаны хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар