АҚШ билігі аз ұлт өкілдерінен шыққан студенттерді қаржыландыруды тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Білім министрлігі елдегі ең көпұлтты колледждер мен университеттердің кейбіріне федералдық бюджеттен бөлінетін 350 миллион доллар көлеміндегі субсидияны тоқтатып отыр, деп жазды Анадолы.

АҚШ билігі аз ұлт өкілдерінен шыққан студенттерге арналған қаржыландыруды тоқтатты
Фото: Анадолы

Бұл туралы ведомство басшысы Линда Макмахон мәлімдеді, деп хабарлайды The New York Times.

Оның айтуынша, аз ұлт өкілдерінен шыққан студенттерді қабылдауға бағытталған бағдарламалар негізінен «нәсілшілдік сипатта» деп бағаланады.

Соңғы уақытта АҚШ-та ірі университеттерге федералдық қаржыландыруды тоқтату мәселесі қызу талқылануда. Бұған себеп ретінде университет кампустарындағы про-палестиналық наразылықтар мен әртүрлілік, теңдік және инклюзия (DEI) қағидаттарын жүзеге асыратын оқу бағдарламалары аталған.

Соңғы жаңалықтар