АҚШ бұрынғы сенаторы Г. Рейд Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесін жасақтауға көмектеседі

Бұл туралы бүгін Астанада Мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі сараптамалық кеңестің 5-ші мәжілісінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.
Кеңес жұмысына Дүниежүзілік банк сарапшысы, АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Гэрри Рейдтің өзі де қатысты. Басты тақырып - халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалау жүйесін талқылау, оны жалақы жүйесімен ұштастыру.
«Гэрри Рейд теория мен тәжірибені өте жақсы меңгерген әлемдік деңгейдегі танымал кәсіпқой маман. Екі аптаның жүзі болды, Рейд мырза Агенттікпен, еліміздің басқа да органдарымен жұмыс жасауда. Бірнеше семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметті жетілдірудің ең негізгі кезеңдерінің бірі - еңбекті бағалау және жалақы жүйесін құру. Кадрларды мансаппен жоғары жылжытудың негізгі ережелері өзгертілгеннен кейін, біз мемлекеттік қызметкерлердің үлесін толыққанды ашып көрсететін жалақы жүйесін жасақтау туралы ойлауымыз қажет», - деп атап өтті Ә. Бәйменов.
«Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс тиімділігін бағалау аса қиын үдеріс. Егер Сіздер мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын төлемдермен байланыстыруды ойластырсаңыздар, онда оны біржолғы сыйақы арқылы емес, қызмет бойынша жоғарылату және жалақыны әрдайым өсіру арқылы құру қажет», - дейді Гарри Рейд.