АҚШ БҰҰ-ның Газадағы атысты тоқтату туралы қарарына тосқауыл қойды

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 13 мүшесі атысты дереу тоқтату үшін дауыс берді, АҚШ вето құқығын пайдаланды, ал Ұлыбритания қалыс қалды. Вашингтон мұндай қарарлар дипломатиялық күш-жігерге нұқсан келтіруі мүмкін деп санайды.

АҚШ Газа секторы
Фото: Abed Rahim Khatib/dpa

Kazinform агенттігі бұл туралы DW ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газадағы атысты тоқтату қарарына дауыс берді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газа секторында атысты гуманитарлық себептермен дереу тоқтату туралы қарар жобасы тағы да сәтсіз аяқталды.

Жұма күні, 8 желтоқсанда Қауіпсіздік кеңесі 15 мүшесінің 13-і Біріккен Араб Әмірліктері енгізген құжат үшін дауыс берді, бірақ АҚШ оған вето қойды. БҰҰ-ның жоғары органының 15-ші мүшесі Ұлыбритания қалыс қалды.

Бұған дейін мұндай қарарлар дипломатиялық күш-жігерге қауіп төндіретіні туралы айтылып, Израильді әрдайым қолдап келген АҚШ-тың қарсылығынан осыған ұқсас ұсыныстар еленген жоқ.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Жарғысының 99-бабына сілтеме жасай отырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін гуманитарлық атысты тоқтатуды қолдауға шақырған.

Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының Палестинаны қолдайтын 5 қарар қабылдағаны туралы хабарланды.

Соңғы жаңалықтар