АҚШ БҰҰ-ның гуманитарлық қызметіне 2 млрд доллар бөледі

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ  мен АҚШ Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оған сәйкес Құрама Штаттар халықаралық ұйымның гуманитарлық қорларына 2 млрд доллар бөлу міндеттемесін алды, деп хабарлайды Kazinform

США выделят $2 млрд на гуманитарную деятельность ООН
Фото: БҰҰ

Келісім Украина, Гаити, Судан және Сирияны қоса алғанда, 17 елге көмек көрсетуді қаржыландыруды, сондай-ақ Төтенше жағдайларға жауап беру Орталық қорына жарна салуды көздейді. 

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл қаражат Ұйымның өмірді сақтап қалу, халықтың ең осал топтарына көмек көрсету және адамдардың азап шегуін азайту мүмкіндігін арттыратынын атап өтті.

- Әрбір доллар маңызды және біз бұл қолдауды қиын-қыстау жағдайда қалған адамдар үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін мүмкіндігінше тиімді пайдалануды көздеп отырмыз, - делінген БҰҰ басшысының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде. 

Жаһандық гуманитарлық дағдарыстың күшеюі аясында Гутерриш сондай-ақ барлық донорларды күш-жігерін арттырып, гуманитарлық операцияларға қолдау көрсетуді күшейтуге шақырды.

Бас хатшының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары және БҰҰ Төтенше көмек жөніндегі үйлестірушісі Том Флетчер салық төлеушілердің өз қаражаттарының қалай пайдаланылып жатқанын білуге құқығы бар екенін мәлімдеді. БҰҰ әрбір доллардың өмірді сақтап қалуда нақты нәтижені қалай қамтамасыз етіп отырғанын көрсетуді көздеп отыр. 

Бас хатшының орынбасары сонымен қатар гуманитарлық жүйе бюрократиялық процедураларды қысқартып, функциялардың қайталануын жойып, 2026 жылы 87 млн адамның өмірін сақтап қалу мақсатымен басымдықтарды белгілеп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Германияда тегін азық-түлік тарататын пункттердің қызметін пайдаланатындардың шамамен 30 пайызы – балалар екенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар