12:46, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
АҚШ бюджетінің дефициті рекордтық көрсеткішке жетті
ВАШИНГТОН. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – 2008 жылдың қазан айы мен 2009 жылдың сәуір айының аралығындағы кезеңде АҚШ бюджетінің дефициті 802 миллиард долларды құрады, бұл бұған дейінгі қаржы кезеңімен салыстырғанда, рекордтық көрсеткіш болып табылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Елдің Қаржы министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, сәуір айында бюджет дефициті 20,9 миллиард долларды құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен 900 миллион долларға көп және 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі 153 миллиард доллар профициттен айырмашылығы тым үлкен.
Мамырдың 11-інде Барак Обаманың әкімшілігі 2009 жылғы қыркүйектің 30-ында аяқталатын 2008-2009 қаржы жылындағы АҚШ бюджеті дефицитінің болжамды деңгейін 1,75 триллион доллардан 1,84 триллионға дейін немесе 12,3 пайызға арттырды. Бұл АҚШ бюджетіндегі Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен дефицит.
2010 жылға болжанып отырған дефициттің деңгейі 1,26 триллион долларды құрайды, ал 2010 -2019 жылдардың аралығындағы жалпы дефицит 7,1 триллион доллар деңгейінде болады.