АҚШ доллары 0,31 теңгеге қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 330,68 (+0,31 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 64 900 мың USD АҚШ долларын (+29 200 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 49,2050 теңгені (+0,0317 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 400 мың юаньді (-800 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

 

Соңғы жаңалықтар