12:13, 17 Ақпан 2017 | GMT +5
АҚШ доллары 318,88 теңгеге дейін арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Бүгін АҚШ-та мереке күні (Джордж Вашингтонның туған күні) болғандықтан, Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOM құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 318,88 теңгені (-0,54 теңге), ал сауда-саттық көлемі -53 100 мың АҚШ долларын (+28 200 мың USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 46,5900 теңгені (-0,3050 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 500 мың юань (+300 мың юань) болды.