АҚШ доллары қайта 1 теңгеге қымбаттады

Бүгін Қазақстан қор биржасында 20 ақпан АҚШ-та мереке күні (Джордж Вашингтонның туған күні) болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ долларымен, есептесуі Т+0 еуромен (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. аталмыш құралдар үшін аталмыш сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 319,30 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 16 400 мың құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 46,6088 теңгені (+0,0188 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 400 мың юань (-100 мың юань) болды.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.
Еске сала кетейік, кеше кешкі сессияда АҚШ долларының бағасы 318,40 теңге болған еді.