АҚШ екі мұнай танкерін құрықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Олардың бірі — ресейлік «Маринера» мұнай танкері. Оған АҚШ Әскери-теңіз күштері мінген, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

США задержали два нефтяных танкера
Фото: x.com/Southcom

Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің мәліметінше, «Маринера» кемесіне ашық теңізде АҚШ Әскери-теңіз күштері мінген, содан кейін кемемен байланыс үзілген.

«Маринера» кемесі 24 желтоқсанда Ресей Федерациясының мемлекеттік туы астында жүзуге уақытша рұқсат алған.

Кейінірек ВВС-дің хабарлауынша, АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығы Кариб теңізі суларында «көлеңкелі флотқа» тиесілі тағы бір «Sophia» танкерінің ұсталғанын мәлімдеген. Әскери күштердің айтуынша, бұл кеме ешбір мемлекеттің азаматтығына (туына) ие болмаған.

Бұдан бұрын АҚШ Венесуэланың мұнай тасымалдайтын 6 компаниясына санкция салғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар