19:30, 04 Наурыз 2022 | GMT +5
АҚШ Елшілігі Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ Елшілігінің баспасөз қызметі Ресейге қарсы салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл туралы Тengrinews.kz жазды.

«Украинадағы жағдай жылдам өрбіп жатыр. Сондықтан қазіргі таңда ұзақ мерзімді шаралар мен олардың салдары туралы айту қиын. Алайда, АҚШ санкциялары Ресей экономикасына бағытталғанын және басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның экономикасына әсерін жұмсарту жағы ескерілгенін атап өткіміз келеді.
Сондай-ақ арадағы әріптестіктің 30 жылында біз Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға және нығайтуға көмектесу бағытын ұстанып келеміз», - делінген Елшіліктің Tengrinews.kz-тің сұраухатына берген жауабында.