20:34, 08 Мамыр 2009 | GMT +5
АҚШ Елшісі Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – «Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтаймын. Біздер бұдан 64 жыл бұрын фашизмге қарсы бірлесіп күрестік», – делінген Америка Құрама Штаттарының Елшісі Ричард Ю. Хоугландтың Қазақстан халқына арнаған құттықтауында,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні қазақстандықтар мен американдықтар жаппай қырып-жою қаруын таратпау, аймақтық қауіпсіздік, экономикалық өсу сияқты алуан түрлі салаларда ынтымақтастыққа, лаңкестік, есірткі және адам саудасы сияқты көріністерді жоюға негізделген жаңа стратегиялық әріптестікті бірлесіп құруда. Жеңіс күнін мерекелей отырып, біздер шынайы әріптестіктің өзара табыстарға жеткізетінін ұмытпауымыз керек. Жеңіс күніне орай мен американ халқы атынан барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне терең алғысымды және шынайы құрметімді білдіремін. Сіздердің ерлік істеріңіз үшін, қасық қандарыңыз қалғанша күрескендеріңіз үшін рахмет», ? делінген американдық дипломаттың құттықтауының мәтінінде.