АҚШ Елшісі Қазақстандағы адам құқықтары туралы базалық баяндамаға жоғары баға берді

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугланд мырзамен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесу барысында депутат Сағынбек Тұрсынов Елшінің сұрақтарына орай өзі жетекшілік жасайтын комиссияның құрамы мен қызметі, атқарған қызметі жайлы баяндап берді. Комиссияның жанындағы сараптамалық кеңестің жұмысына тоқталды. «Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы әлемдік стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Мемлекет басшысының біздің алдымызға қойған басты міндеті осындай»,- деді С.Тұрсынов. Одан әрі еліміздегі дайындалған Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы туралы базалық баяндама жөнінде әңгімеледі. Мұндай құжат ТМД елдері бойынша тұңғыш рет біздің мемлекетте әзірленген. Базалық баяндама әзірлеу барысында Американың, Францияның, Таяу Шығыс елдерінің тәжірибесіне назар аударылған.АҚШ Елшісі Р.Хоугланд Қазақстандағы адам құқықтары туралы базалық баяндама мен соның электрондық кітапханасына жоғары баға берді. Аталған баяндама арнайы социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша әзірленген. Бұл құжатта осы саланы қамтитын ұлттық заңнамаға салыстырмалы сараптама жасалған. Сонымен қатар мұнда Қазақстан заңнамасын халықаралық пактілер мен конвенциялардың нормаларымен сәйкес келтіре отырып жетілдіру мақсатындағы нақты ұсыныстар көрініс тапқан. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне баға берілген. Мәжіліс депутаты Елшіге Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтарының жағдайы туралы негізгі баяндаманы табыс етті.
Соңғы жаңалықтар