АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін атқарушы Джуди Куо отандастарымызды астана күнімен құттықтап, қаладағы сүйікті орындарын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады

Елші міндетін атқарушы Джуди Куо «Happy Capital Day» деп құттықтай отырып, 1 минуттық видеоролик ұсынады. Онда Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше нысаны көрініс тапқан. Атап айтқанда, «Бәйтерек» монументі, «Астана балет» театры, «Кенесары» ескерткіші, Есіл өзенінің жағалауы, мешіт, «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы және «Атырау көпірі» көрсетілген.

Ролик Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әлеуметтік желісінде жарияланды.


Видеодан алынған кадр