АҚШ Елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің мерейтойымен құттықтады

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен еліміздегі Америка Құрама Штаттарының елшісі Кеннет Фэйрфакс Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
None
None

Н.Нығматулин атап өткендей, еліміздің 20 жыл ішіндегі барлық жетістігі, соның ішінде халықаралық аренада қол жеткізген жетістіктері Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының атымен байланысты. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының ядролық қарусыз әлем құру мен елдегі демократиялық қайта қалыптасырудағы Мемлекет басшысының рөлін ерекше атап өтті.

Кеннет Фэйрфакс қазақстандықтарды алдағы келе жатқан тарихи күн - ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен құттықтап, Қазақстанның жетістіктеріне жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар