АҚШ елшісі Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне жоғары баға берді
Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 20 жыл бұрын басталды. Вашингтон Қазақстанды Орталық Азиядағы АҚШ-тың іс жүзінде ең сенімді және болашағы бар әріптесі ретінде қарастырады.
Нұрлан Нығматулин айтып өткендей, Қазақстанның 20 жылда қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ халықаралық аренадағы беделі Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Нұрлан Нығматулин сондай-ақ ядросыз әлем құрудағы және елдегі демократиялық қайта құрулардағы Елбасының ерекше рөлін атап өтті.
Партияаралық байланыстарға келсек, «Нұр Отан» мен АҚШ Демократиялық партиясы арасында көп жылғы әріптестік қатынастар орнаған. Ұлттық Демократиялық институт төрағасы Мадлен Олбрайт ханымның және ҰДИ Президенті Кеннет мырзаның шақыруымен демократтар Америка Президенті лауазымына өз үміткерін ұсынған Халықаралық көшбасшылар форумына «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының делегациясы қатысқан болатын.
Кеннет Фэйрфакс қазақстандықтарды тарихи мереке - Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне жоғары баға берді.
Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісіп, Қазақстан мен АҚШ арасында табысты болашақ әріптестікті жалғастыру үшін үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.