АҚШ Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі (ФҚЖ) мөлшерлемені 4,25-4,50 пайыз деңгейінде қалдырды.

Ставка ниже, последствия выше: что ждет Казахстан после снижения ставки ФРС США
Фото: Freepik

ФҚЖ мәлімдемесіне сәйкес, соңғы деректер экономикалық белсенділіктің тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетті. Сондай-ақ соңғы айларда жұмыссыздық төмендеп келеді, ал еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. 

Инфляция аздап жоғарылаған, делінген хабарламада.

- Комитет (АҚШ Федералдық қор жүйесінің Федералдық ашық нарық комитеті) ұзақ мерзімді перспективада максималды жұмысбастылыққа және 2% инфляция деңгейіне жетуді мақсат етіп отыр. Комитет бұл мақсаттарға қол жеткізудегі тәуекелдер жалпы алғанда теңдестірілген деп санайды. Бұл ретте экономикалық болжам белгісіз болып қалып отыр, - делінген АҚШ Федералды қор жүйесінің мәлімдемесінде.

Комитет өз мақсаттарын қолдау үшін федералдық қорлар мөлшерлемесінің мақсатты диапазонын 4,25%-дан 4,5%-ға дейін сақтауға шешім қабылдады.

Осыған дейін АҚШ тарапынан қабылданып отырған шешімдердің өзге елдерге әсері жөнінде сараптамалық материал жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар