АҚШ, Франция, Италия, Ұлыбритания сынды елдердің трансұлттық корпорацияларының қатысуымен 65 жоба пысықталуда

«Биылғы жылы машина жасау, құрылыс материалдарын жасау, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені сияқты салаларда жалпы сомасы 47 млрд. теңге қаржы салған, ҚР аумағында жұмыс істейтін 9 компания қайта инвестиция салуды жоспарлауда. Яғни, осы компаниялар өндірісті кеңейту үшін қосымша қаражат салады», - деді Ж.Қасымбек.
Жалпы алғанда, оның айтуынша, АҚШ, Франция, Италия, Ұлыбритания, Жапония, БАӘ, Германия, Түркия сынды елдердің трансұлттық корпорацияларының қатысуымен 65 жоба пысықталу сатысында.
«Инвесторлармен жұмыс тек инвестициялар тарту ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың барлық жұмыс кезеңінде жұмыс істейтін инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуін білдіреді. Тек қана өңдеуші секторда Қазақстанда жұмыс істейтін 168 инвестор бар. 30-ға жуық инвестор өңдеуші салада өндірістерін кеңейту процесінде немесе жаңа жобаларға қайта инвестиция салуды жоспарлауда. 2016 жылдың басынан бастап 3 жоба пайдалануға берілді , 6 жобаның іске қосылуы жоспарлануда», - деді министр.