11:31, 11 Наурыз 2024 | GMT +5
АҚШ Газаға гуманитарлық көмек тиелген кеме жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ қарулы күштері Газаға гуманитарлық көмек тиелген кеме жіберді, деп хабарлады golosameriki.com.

Бұл туралы президент Джо Байден блокададағы анклавты қамтамасыз ету үшін уақытша айлақ салынады деп мәлімдегеннен бірнеше күн өткен соң орталық қолбасшылық (Centcom) хабарлады.
Құжатта әрі қарай кеменің «өмірлік маңызды гуманитарлық жүктерді жеткізуге арналған уақытша айлақ салатын (бейімделген) жабдықты тасымалдайтыны» айтылған.
Байденнің өткен бейсенбідегі мәлімдемесі БҰҰ Газа секторындағы ашаршылық туралы ескертуінен кейін жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, Газада порт инфрақұрылымы жоқ.
Бастапқыда АҚШ гуманитарлық көмек жеткізу үшін Кипрді пайдалануды жоспарлаған.