АҚШ хантавирус тараған круиз кемесінен 18 жолаушыны эвакуациялады

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ билігі хантавирус тіркелген круиз кемесіндегі 18 жолаушыны эвакуациялап, медициналық бақылауға алды.

США эвакуировали 18 пассажиров после вспышки хантавируса на круизном лайнере
Фото: Reuters

Бұл туралы Reuters хабарлады.

АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігі мәліметінше, жолаушылар АҚШ аумағына жеткізіліп, карантинге орналастырылған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 16 адам Небраска университетінің медициналық орталығына жатқызылған.

Қалған екі адам Атланта қаласындағы медициналық мекемеде бақылауда отыр.

Олардың бірінде ауру белгілері байқалған.

MV Hondius круиз кемесі Анд хантавирусының таралуымен байланысты аталып отыр.

Бұл — сирек жағдайда адамнан адамға жұғуы мүмкін хантавирус түрі.

Дегенмен мамандар инфекцияның негізгі тасымалдаушысы кеміргіштер екенін айтты.

АҚШ ведомстволары тұрғындар арасында індеттің жаппай таралу қаупі төмен екенін мәлімдеді.

Өйткені вирус жұғу үшін науқаспен ұзақ әрі тығыз байланыс қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дерегіне сәйкес, круиз кемесінде жеті адамнан хантавирус анықталған.

Медициналық бақылаудағы жолаушылар 42 күнге дейін карантинде болуы мүмкін.

США эвакуировали 18 пассажиров после вспышки хантавируса на круизном лайнере
Фото: Reuters

Бұған дейін Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған круиз кемесінде жеті адам вирус жұқтырғаны хабарланған еді.

Олардың үшеуі көз жұмған.

Сонымен қатар Израильде Шығыс Еуропадан оралған жолаушыдан алғаш рет хантавирус тіркелді.

Бұған дейін ДДҰ MV Hondius кемесіндегі науқастармен байланыста болған адамдарға 42 күндік карантин сақтау жөнінде кеңес берген.

Кейін Франция мен АҚШ-қа эвакуацияланған тағы екі жолаушыдан хантавирус анықталғаны хабарланды.

Осыған дейін хантавирус анықталған круиздік кемеден эвакуацияланған соңғы топ Нидерландқа ұшатыны туралы жаздық.