АҚШ иммиграциялық емес визаларды беру тәртібін қатаңдатты

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа ережеге сәйкес, Ресей азаматтары АҚШ-қа туристік визаға тек Астана мен Варшавада, Беларусь азаматтары — Варшава мен Вильнюсте, ал Украина азаматтары Варшава мен Краковта ғана өтініш бере алады, деп хабарлайды DW

виза
Фото: montsame

АҚШ үкіметі шетелдіктерге иммиграциялық емес визаларды, соның ішінде B1/B2 туристік визаларын беру ережелерін қатаңдатты.

Мемлекеттік департамент сенбі, 6 қыркүйекте жариялаған бұйрыққа сәйкес, енді оларды алуға құжаттарды тек азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын елінде ғана өтініш беруге болады.

Бұл ретте мұндай визаларды беру тоқтатылған 17 елдің азаматтары үшін олар өтініш бере алатын белгілі елшіліктер мен консулдықтар белгіленді. Осылайша, ресейліктер мұны тек Астана мен Варшавадағы АҚШ елшіліктерінде, Беларусь азаматтары — Варшава немесе Вильнюсте, ал Украина азаматтары Варшава мен Краковта жасай алады.

Осы уақытқа дейін кез келген елде әңгімелесуден өтіп, визаның бұл түріне өтініш беруге болатын еді. Жоспарланған әңгімелесулер өз күшінде қалады.

Жаңа ережелер A, G, C-2, C-3 визаларына, НАТО визаларына, сондай-ақ кез келген түрдегі дипломатиялық және қызметтік визаларға немесе БҰҰ штаб-пәтері туралы келісімде қамтылған сапарға қатысты визаларға қолданылмайды. Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде сирек жағдайларда гуманитарлық, медициналық немесе сыртқы саяси себептерге байланысты ерекшеліктер жасалуы мүмкін екендігі айтылған.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі студенттер мен журналистер үшін виза тәртібін күшейтетінін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар