АҚШ импортталатын алтынға баж салығын салмайды — Трамп

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні алтынға баж салығын салмайтынын айтты, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ импортталатын алтынға баж салығын салмайды — Трамп
Фото: yenisafak.com

— Алтынға тариф қойылмайды, — деп жазды Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде. Ол ешқандай мәлімет бермеді.

Бұған дейін АҚШ-тың кеден және шекараны қорғау қызметі өз веб-сайтында Вашингтонның алтын құймаларына импорттық баж салығын енгізуі мүмкін екендігі туралы шешім шығарған болатын — бұл металды жеткізудің жаһандық тізбегін шайқауы мүмкін шара, деп жазады Reuters.

Осылайша, Дональд Трамп қымбат металдың жалғасып жатқан сауда қақтығыстарына тартылуы мүмкін деген болжамға нүкте қойды.

Бұған дейін АҚШ президенті Қытайдан келетін тауарларға баж салығын енгізуді тағы 90 күнге шегергені хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп Ақ үйде баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ол Путинмен алдағы кездесуі туралы не айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар