АҚШ Иран мүддесіне қаржы жымқыруға байланысты 10 жеке тұлға мен 27 компанияға санкция енгізді

АСТАНА. KAZINFORM — Шектеу шаралары Иранның тоғыз және Қытайдың бір азаматына қатысты қабылданды, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ Иран мүддесіне қаржы жымқыруға байланысты 10 жеке тұлға мен 27 компанияға санкция енгізді
Фото: aa.com.tr

Америка Құрама Штаттары Иран билігінің мүддесі үшін қаржы жымқыруға қарсы күрес сылтауымен 10 жеке және 27 заңды тұлғаға санкция енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде айтылды.

АҚШ билігінің мәліметінше, санкцияға іліккен компаниялар мен жеке тұлғалар бірнеше миллиард долларды жымқыруға мүмкіндік берген сызбаға қатысқан. Бұл әрекет «АҚШ-тың санкцияларынан айналып өтіп, мұнай мен өзге де тауарларды сату арқылы» жүзеге асырылған деп көрсетілген.

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, шектеу шаралары Иранның тоғыз және Қытайдың бір азаматына қатысты қолданылған. Сонымен қатар, шектеу тізіміне енген 27 компанияның 17-сі Гонконгте, 5-еуі Біріккен Араб Әмірліктерінде және 5-еуі Иранда тіркелген.

Санкциялық тізімге енгізілу АҚШ-тағы активтердің бұғатталуын және америкалық азаматтар мен компанияларға аталған тұлғалармен іскерлік қатынас орнатуға тыйым салынуын білдіреді. 

Айта кетелік Иран санкцияларды қайтару тетігі іске қосылған жағдайда «қатаң жауап» қайтаруға уәде еткен еді

Соңғы жаңалықтар