АҚШ Иранға қарсы қосымша санкциялар енгізді

АСТАНА. KAZINFORM — Трамп әкімшілігі Иранмен жаңа келісімге келуді жалғастырып жатқан кезде АҚШ үш ирандық азамат және олармен байланысы бар ядролық қару-жарақ саласындағы технологиялық компанияға санкция салды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

США вводят дополнительные санкции против Ирана
Фото: america.cgtn.com

Мемлекеттік департамент ақпаратына сәйкес, санкциялар келесілерге қатысты енгізілген: 

* Сайед Мохаммад Реза Седдиги Сабер — Иранның қорғаныс инновациялары ұйымы және ядролық жарылғыш жасауда қолданылатын зерттеулер мен сынақтарды қоса алғанда жобалар жүргізетін Shahid Karimi (SPND) зерттеу тобының басшысы.

* Ахмад Хагихат Талаб — SPND жоғары шенеунігі және бұрын 2004 жылға дейін «Amad» ирандық қаруландыру бағдарламасына қатысқан атомшы ғалым. Америкалық шенеуніктер оны Иранның ядролық зерттеулері мен әзірлемелерін ілгерілету үшін ғылыми тәжірибесін пайдалануды жалғастырып келеді деп айыптап отыр.

* Мохаммед Реза Мехдипур — ядролық тақырыпта зерттеулер жүргізген Shahid Chamran SPND тобының басшысы болып тағайындалған SPND қызметкері.

Ideal Vacuum ретінде белгілі Fuya Pars Prospective Technologists — бұл ядролық қаруды зерттеу мен әзірлеуде қолдануға болатын жабдықты сатып алуға тырысқан SPND еншілес компаниясы.
Алайда екі ел арасындағы ықтимал жаңа ядролық келісім бойынша келіссөз жалғасып жатыр, төртінші және соңғы раунд Оманда өтеді. 

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи жексенбі күні тілшілерге екі жақ енді бірін-бірі жақсырақ «түсініп отырғанын», бірақ санкциялардың алынып тасталуы мен Тегеранның уранды байытуды жалғастыра алуы кедергі болып жатқанын мәлімдеді. Ол уранды байыту «сөзсіз жалғасуы керек» екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар