АҚШ Иранға қарсы құрлық күштерін орналастыруды жоспарлап отырған жоқ – Ақ үй

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ пен Израиль арасында Иранға қарсы аймақта АҚШ құрлық әскерлерін орналастыруды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы тілшісі.

АҚШ Иранға қарсы құрлық күштерін орналастыруды жоспарлап отырған жоқ – Ақ үй
Фото: prousa.info/ white_house

Ливитттің сөзінше, қазіргі уақытта мұндай операция жоспарда жоқ, бірақ АҚШ президенті немесе бас қолбасшы ретінде әскери нұсқаларды толықтай жоққа шығаруға болмайды.

– Бұл мәлімдеме Біріккен штабтар басшыларының төрағасы генерал Дэн Кейннің АҚШ-тың Иран аумағына біртіндеп кіруі туралы айтқан уәжі мен АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің Тегеранға қарсы әскери операцияларды бастауға әлі ерте деген пікірінен кейін жасалды, - деп хабарлайды CNN.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Дональд Трамптың күрдтермен келіссөздері туралы сұраққа жауап бере отырып, президенттің кейінгі күндері аймақтағы бірнеше одақтастарымен және серіктестерімен байланыста болғанын айтты. Ол Трамптың күрд жетекшілерімен Ирактың солтүстігіндегі базамен байланысты мәселелерді талқылағанын, бірақ әлі де келісімге келмегенін жеткізді.

Сонымен қатар Трамп әкімшілігінің шенеуніктері күрд жетекшілерімен Ирак пен Ирандағы топтарды Тегеран режимін құлату мақсатында қаруландыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы NBC News пен Axios хабарлады.

Аталған ақпарат көздерінің мәліметінше, ирандық оппозициялық топтарға қару жеткізу жоспары әзірге іске аспаған және бұл ұсыныс әлі де қаралып жатыр. 

Бұған дейін Иран Парсы шығанағындағы АҚШ мұнай танкеріне шабуыл жасалғанын мәлімдеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум