АҚШ Иранға салынған санкцияны тағы бір жылға ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама Иранға 1979 жылы салынған санкцияны тағы бір жылға ұзартты.
None
None

Ақ үй басшысы шешім екі ел арасындағы қарым-қатынастың әлі жақсы арнаға түсе қоймағанына байланысты қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін АҚШ Конгресі санкция туралы заңның мерзімін созуды осы айдың екінші жартысында талқылайды деген ақпар тараған. Сарапшылар Өкілдер палатасы құжатты тағы 10 жылға ұзартуы мүмкін деп отыр. Ал палатаның қарауында жатқан жоба бұрынғы құжатпен бірдей көрінеді.

 Айта кетейік, Құрама Штаттар Иранға қарсы шараны 1979 жылы 14 қарашада радикалды көзқарастағы студенттер Тегерандағы АҚШ елшілігін басып алып, 52 дипломатты тұтқынға алғаннан кейін бекіткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар