АҚШ Иранның қарулы күштерін қолдайтын қаржылық желіге санкция енгізді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Қаржы министрлігі Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) арқылы Иранның екі қаржылық делдалына және Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген оннан астам жеке және заңды тұлғаға санкция салды, деп хабарлайды АҚШ Қаржы министрлігі.

США расширили санкции в отношении Ирана
Фото: aa.com.tr

Бұл құрылымдар Сыртқы барлау қызметінің «Құдс» күштеріне және Иран қарулы күштерінің Қорғаныс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету министрлігіне (MODAFL) мұнай экспорты мен өзге де қаржы түсімдерін аудару жұмыстарын үйлестіргені үшін айыпталып отыр.

Ведомствоның мәлімдеуінше, «көлеңкелі» банктік желілер халықаралық қаржы жүйесін теріс пайдаланып, санкцияларды айналып өту үшін шетелдік компаниялар мен криптовалютаны қолданады. Түскен қаражат аймақтық террористік топтарды қолдауға және баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары сияқты заманауи қаруларды әзірлеуге бағытталған.

Бұл АҚШ пен оның одақтастарына қауіп төндіреді.

— Ирандық құрылымдар санкцияларды айналып өту үшін көлеңкелі банктік желілерге сүйеніп, халықаралық қаржы жүйесі арқылы миллиондаған доллар аударып отыр.

Президент Дональд Трамптың басшылығымен біз Иранның әскери бағдарламалары мен Таяу Шығыстағы тұрақсыздандыру әрекеттерін қаржыландыратын негізгі қаржылық ағымдарды бұғаттауды жалғастырамыз, — деді АҚШ Қаржы министрінің терроризмге қарсы іс-қимыл және қаржылық барлау жөніндегі орынбасары Джон К. Хёрли.

Жаңа санкциялар терроризмге қарсы күреске бағытталған №13224 президент жарлығы аясында енгізілді.

Бұл — АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік туралы №2 меморандумына сәйкес қабылданған «максималды қысым» науқаны шеңберінде Иранның көлеңкелі қаржылық инфрақұрылымына қарсы жасалған екінші шектеу шарасы.

Айта кетейік, АҚШ мексикалық Sinaloa картелінің көшбасшысы туралы ақпарат үшін 5 млн доллар береді.

Соңғы жаңалықтар