АҚШ Иранның уранын басып алу үшін арнайы операция жүргізуді қарастырып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп қару жасауға жарамды иран уранын басып алу үшін арнайы мақсаттағы күштерді орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі ресми тұлғалар уран қоры басқа жерге көшіріліп әкеткен болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген. Бұл туралы Bloomberg жазды.
Болжам бойынша, Иранда қару жасау деңгейіне өте жақын дәрежеде байытылған шамамен 441 килограмм уран бар. Бұл мөлшер шамамен 11 ядролық бомба жасауға жеткілікті. Сонымен қатар елде байытылу деңгейі төмен 8000 килограмнан астам уран бар, оны қосымша өңдеу арқылы одан әрі байытуға болады.
Шенеуніктердің айтуынша, белгісіздік арта түскен, өйткені БҰҰ инспекторлары шамамен тоғыз ай бойы бұл материалдың нақты қай жерде орналасқанын тексермеген.
АҚШ пен Израильдің ресми өкілдері жоғары деңгейде байытылған затты белсенді түрде іздестіре бастады және оның орналасқан жері анықталған жағдайда әрекет ету жоспарларын әзірлеген. Бұл жоспардың ішінде қажет болған жағдайда, арнайы мақсаттағы күштерді орналастыру мәселесі де бар.
Еске сала кетсек, бұған дейін Иран ешбір мемлекет өздерін уран байыту құқығынан айыра алмайтынын мәлімдеді.