АҚШ Израильдің Газамен шекарасында әскери база салу жоспарын қарастырып жатыр
АСТАНА.KAZINFORM - Жаңа база мыңдаған америкалық әскерді орналастыра алады және Газадағы жағдайды тұрақтандыру үшін пайдаланылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
АҚШ Израильдің Газа секторына іргелес шекаралас аймақтарында үлкен әскери база салуды көздеп отыр. Бұл туралы Yedioth Ahronoth басылымымен бірге
Бұл туралы израильдік коммерциялық емес Shomrim басылымының Yedioth Ahronoth газетімен бірлесіп жүргізген тергеуі мәліметтерінде хабарланды.
Израиль дереккөздерінің мәліметінше, жоба шамамен 500 миллион долларға түсуі мүмкін, ал нысан Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимін сақтауға қатысатын бірнеше мың АҚШ және халықаралық әскерді орналастырады.
Басылымның мәліметінше, базаның орналасуы бойынша келіссөздер АҚШ пен Израиль билігі арасында жүргізіліп жатыр, сондай-ақ құрылыс жүргізілетін алаңдар жайы талқыланып жатыр.
Бұған дейін, қазан айының соңында, Израильдің оңтүстігіндегі Кирьят Гатэ жаңа Азаматтық-әскери үйлестіру орталығы (CMCC) ашылды. Ол Газадағы гуманитарлық көмектің таралуын бақылауды өз мойнына алады, бұл Израильдің Аумақтағы үкіметтік қызметті үйлестіру басқармасының (COGAT) рөлін азайтады.
Қазіргі уақытта онда басқа елдердің өкілдерімен бірге шамамен 200 америкалық әскери қызметкер жұмыс істейді. Олардың міндеті - Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісімнің орындалуын бақылау.
Yedioth Ahronoth басылымы жаңа база Израильдегі алғашқы ірі америкалық әскери нысан және Вашингтонның соғыстан кейінгі Газа секторын тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерінің бір бөлігі болатынын нақтылады.
- Израиль аумағында америкалық базаның құрылуы Вашингтонның Газада болып жатқан процестерге және ауқымды Израиль-Палестина қақтығысына тікелей қатысуға деген шешімін көрсетеді, - деді израильдік шенеунік Shomrim басылымына.
Америка жағы бұл ақпаратқа әлі ресми түрде түсінік берген жоқ.
Израиль БАҚ-тарының хабарлауынша, бұл бастама АҚШ-та пікірталас тудыруы мүмкін, онда кейбір заң шығарушылар ішкі бюджет шектеулеріне байланысты шетелге әскер жіберу мәселесіне алаңдаушылық білдірді.
Газада құрылатын халықаралық күшке қай елдерден әскерилер тартылады.