АҚШ «KADEX-2014» ІІІ халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға қызығушылық танытуда

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестік шеңберіндегі қорғаныс саласындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
«Екі ел көшбасшыларының жемісті саяси үнқатысуының арқасында қазіргі таңда әскери саладағы қазақ-америка ынтымақтастығы жеткілікті деңгейде дамуда. Біз үшін бітімгершілік мәселелері, әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ әскери білім саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтудың басым бағыты болып табылады», - деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков.
Өз кезегінде Джон Ордвей АҚШ пен Қазақстанның әскери саладағы ынтымақтастығы соңғы жылдары белсенді дамып отырғанын және АҚШ-тың «KADEX-2014» ІІІ халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.