10:37, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
АҚШ қауіп-қатерге байланысты Дубайдағы консулдығын уақытша жапты
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Дубайдағы консулдығы қауіп-қатер туралы ақпаратқа байланысты уақытша жабылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Дегенмен, консулдық жұмысының уақытша тоқтатылуына қандай қауіп-қатердің себеп болғаны нақтыланбайды. Біріккен Араб Әмірлігі АҚШ-тың Таяу Шығыстағы екі маңызды одақтасы, ал Дубай көптеген американ азаматтары тұратын және өмір сүретін әлемдік ірі қаржы орталықтарының бірі болып табылады.