АҚШ Қазақстанды әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарына жатқызады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының тұрғындары еліміздің ядролық қаруға қарсы қозғалысы мен Семей полигонының жабылуы және әлем бойынша төртінші ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқанымыз үшін жоғары бағалайды.
None
None

Сондықтан Қазақстанды Иранның ядролық қаруға қатысты бағдарламасына байланысты келіссөздер жүргізуге лайықты орын бола алатынын айтады. Америкалық сарапшылардың сөзіне жүгінсек, ел саясатының осы элементтері, ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне назар аударуы Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүше болуына ықпал етеді, деп жазады khabar.kz.

«Қазақстандықтардың бейбітсүйгіштігін ерекше атап өтуге болады. Сіздердің саяси және іскерлік қарым-қатынастарыңыз елдің табысты дамуына, әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға зор ықпал етеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз халқының жарқын болашағын айқындап берді. Әлемде ядролық қаруға қарсы тұрып, оның таралуына жол бермеуге үлес қосатындар саны өте аз», - деп АҚШ әскери сарапшысы Гилберт Местлер өз пікірін білдірді.

«Ел Президенті өз Жолдауында тамаша мақсаттар қойған, бұлардың жүзеге асары сөзсіз. АҚШ үшін де әлеуметтік сауалдарға, қоршаған ортаға көңіл бөлу - өзекті мәселелер. Ал отандық өндірісті жандандыру ел дамуының негізін қалайды. Өмір сүру стандарттарын көтеру, қуатты орта тап қалыптастыру, қуат көздерінің тиімділігін арттыру, мұнайды пайдалану мен көмір жағуды азайту сияқты ұсыныстарымен Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елін әлемге үлгі етіп отыр», - деді консалтингтік компанияның басшысы Рональд Вейнер.

Соңғы жаңалықтар