АҚШ Қытайдағы Boeing 737 апатының себебін атады
АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) 2022 жылдың 21 наурызында China Eastern Airlines Boeing 737-800 ұшағының апатқа ұшырауын отынмен жабдықтаудың істен шығуымен байланыстырды, деп хабарлайды South China Morning Post.
NTSB зерттеуіне сәйкес, Boeing 737 қозғалтқыштың мәжбүрлі түрде өшірілуіне байланысты қуатын жоғалтқан. 8839 метр биіктікте екі қозғалтқыштың тұтқасы «өшіру» күйіне ауыстырылған. Бұл кабинада қасақана әрекет болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Қытай билігі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне сілтеме жасай отырып, апат туралы соңғы есепті әлі жариялаған жоқ. Қытайдың Азаматтық авиация әкімшілігі тергеу жұмыстарын үйлестіріп жатыр. Boeing 737 АҚШ-та жобаланған және өндірілгендіктен бұл процеске америкалық тарап та қатысып жатыр.
MU5735 рейсінің апаты Қытайдағы он жыл ішіндегі ең үлкен әуе апаты болды. Трагедияның мән-жайы ұзақ уақыт бойы белгісіз болып келді.
Куньминнен Гуанчжоуға бара жатқан ұшақ Гуанси провинциясындағы орманды беткейге, баратын жерінен шамамен 160 шақырым жерде соқтығысты. Қайғылы оқиға 123 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесінің өмірін қиды.
Бұған дейін Оңтүстік Суданда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 14 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.