Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ Конгресі Пентагонға 1,15 трлн доллар бөлуді мақұлдады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 2027 жылы елдің қорғаныс саласына 1,15 триллион доллар бөлуді көздейтін заң жобасын қолдады.

АҚШ Конгресі Пентагонға 1,15 трлн доллар бөлуді мақұлдады
Фото: Anadolu

Құжатты 216 конгрессмен қолдап дауыс берсе, 212 депутат қарсы шықты. Енді заң жобасы Конгрестің Сенатына жолданады. Егер жоғарғы палата да мақұлдаса, құжатқа қол қою үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа жіберіледі.

Алайда Politico басылымының жазуынша, қазіргі уақытта Конгрестің екі палатасын да бақылауда ұстап отырған республикашылдар Сенатта қиындыққа тап болуы мүмкін. Өйткені заң жобасының қабылдануы үшін кемінде 60 сенатордың қолдауы қажет.

Сонымен қатар Өкілдер палатасы 95 миллиард доллар бөлуді қарастыратын тағы бір заң жобасын мақұлдады. Оның ішінде 73 миллиард долларды Иранға қарсы әскери операцияны қаржыландыруға бағыттау ұсынылған. Бұл құжатты та енді Сенат қарайды.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Сауд Арабиясы бейбіт атом энергетикасы туралы келісімге қол қойғанын хабарлағанбыз.