АҚШ Конгресі уақытша бюджетті бекітті
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Конгресі үкіметтің жұмысы ай соңында тоқтап қалмас үшін 20 желтоқсанға дейін уақытша қаржыландыруды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды The Voice of America.
«Сенатта оны 78 адам жақтап, 18 қарсы дауыс берді», - деп жазды ақпарат агенттігі.
Бірнеше сағат бұрын Өкілдер палатасының 341 мүшесі қысқа мерзімді қаржыландыруды ұзартуды қолдап, 82 адам қарсы дауыс берді. Содан кейін құжат АҚШ президенті Джо Байденге қол қоюға жіберіледі.
Өз кезегінде Джо Байден Конгрестің екі палатасына үкімет жұмысының қымбатқа түсетін жабылуын болдырмайтын еқос партиялық келісімі үшін алғыс білдірді.
«Менің әкімшілігім АҚШ-тың ұлттық қорғанысына, ардагерлерге, қарт адамдарға, балалар мен жұмыс істейтін отбасыларға қаражаттың бөлінуін қамтамасыз ету және Америка халқының шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Конгреспен жұмыс істейтін болады», - деді президент Джо Байден Ақ үй таратқан мәлімдемеде.
Біз бұған дейін елдердің АҚШ үкіметінің қарызына неліктен инвестиция салатыны туралы жазған болатынбыз.