АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының заң шығарушылары Түркияның мәртебесін өзгертуге ұмтылуда

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Өкілдер палатасына енгізілген жаңа заң жобасында конгрессмендер Мемлекеттік департаменттен Түркияның санатын өзгертіп, оны Еуропа және Еуразия істері бюросынан Таяу Шығыс істері бюросына ауыстыруды сұрайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының заң шығарушылары Түркияның мәртебесін өзгертуге ұмтылуда
Фото: amuedge.com

Бүгінде АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияны «еуропалық ел» ретінде жіктейді. Егер заң жобасы қабылданса, ол Иран, Сирия және Ливиямен бір дипломатиялық санатқа көшіріледі.

Атап айтқанда, заң жобасы Мемлекеттік департаменттен 90 күн ішінде Түркияның дипломатиялық мәртебесін қайта қарауды және оның Еуропадан шығарылуының салдарын бағалауды талап етеді.

Түркия үкіметі Конгресс мүшелерінің елдің сыртқы саясаты мен еуропалық бағытын сипаттауына келіспейтінін білдірді, деп хабарлайды FOX News.

— Түркияның еуропалық сәйкестігі — даусыз тарихи және геостратегиялық факт. НАТО-ның, Еуропа Кеңесінің, ЕҚЫҰ-ның белсенді мүшесі және ЕО-ның ассоциацияланған мүшесі ретінде Түркия еуропалық институттық құрылымдардың және олар білдіретін әмбебап құндылықтардың ажырамас бөлігі, — деді Вашингтондағы Түркия елшілігінің өкілі.

Айта кетелік Түркия халқының 30%-дан астамы ескі үйлерде тұратыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар