АҚШ қорлары мәліметтеріне байланысты мұнай бағасы өсіп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы мұнай қоры бойынша Америкалық мұнай институтының статистикалық мәліметтеріне байланысты «қара алтын» бағасы өсіп келеді, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Желтоқсан фьючерстерінің Brent маркалы мұнай барреліне деген бағасы 0,93% - 52,16 долларға дейін өсті. Қараша фьючерстерінің WTI маркалы мұнай барреліне деген бағасы 0,95% - 50,77 долларға дейін өсті.

API ақпаратынша, елде өткен аптада мұнай қоры 3,8 миллион баррельге 467,1 миллион баррельге дейін кеміген. Сарапшылар бұл көрсеткіш 2,1 миллион баррельге артады деп бағалаған.

API хабарлауынша, елдегі ірі Кушинг (Cushing) терминалындағы қор 1,96 миллион баррельге төмендеген. Бұл 2014 жылдың ақпанынан болған ең төменгі түсім. Сарапшылар индикатор 1,4 миллион баррельге дейін ғана төмендейді деп ойлаған. Есеп кезеңінде жанар-жағар май қоры 929 мың баррельге өсті.

Соңғы жаңалықтар