АҚШ қыркүйектің 11-індегі оқиғаның тоғыз жылдығын атап өтуде

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін АҚШ-та 2001 жылы қыркүйектің 11-інде болған лаңкестік әрекеттердің тоғыз жылдығын атап өтуде. Қалыптасқан қайғылы дәстүр бойынша, оқиға құрбандарын еске алу рәсімі АҚШ-тың Шығыс жағалауының уақыты бойынша сағат 08.46-да (мәскеу уақыты бойынша 16.46-да) бір минуттық үнсіздіктен басталады.
None
None

Лаңкестер айдап әкеткен ұшақтардың алғашқысы осыдан 9 жыл бұрын дәл осы уақытта Манхэттендегі Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасын соққан болатын. Егіз мұнараның орнында Нью-Йоркте және Вашингтон мен Шэнксвилл қалаларында болған лаңкестік әрекеттердің құрбандарының аты-жөндері оқылады.

2001 жылы болған лаңкестік әрекеттің салдарынан, соңғы деректер бойынша, 2 мың 977 адам қаза болды (19 лаңкесті қоспағанда) және 6 мыңнан астам адам зардап шекті. Қаза болғандардың арасында әлемнің 90-нан астам елінің азаматтары болған.

Соңғы жаңалықтар