АҚШ Лабубу ойыншықтарының қаупі туралы ескертті

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-тың Тұтыну өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы (CPSC) жас балаларға үлкен қауіп төндіретін Лабубу ойыншықтары туралы ескерту жасады.

США предупредили об опасности поддельных игрушек Лабубу
Фото: CPSC

- Жұмсақ фигуралар мен кілтке ілетін салпыншақ түрінде жаппай сатылып жатқан ойыншықтар, әсіресе кішкентай балалардың аузына салуына өте ыңғайлы. Ол баланың тыныс алу жолдарын жауып тастауы мүмкін. CPSC, сонымен қатар Лабубу оңай бөлшектеліп, ұсақ бөліктерге ыдырайтыны туралы мәлімет жинады, - делінген комиссия мәлімдемесінде.

Комиссия аталмыш ойыншықтарды Қытайдан АҚШ-қа әкелер кезде осындай олқылықтарды анықтады.

Лабубу - 2015 жылы Гонконг суретшісі Лун Касин жасаған эльф тәрізді тіршілік иесі. Ол үлкен көздері, үшкір құлақтарымен және тоғыз тісімен ерекшеленетін үлпілдек құбыжықтар. Өнімнің танымалдығы өткен жылдың соңында күрт өсті.

Бұған дейін Берлинде қытайлық Pop Mart компаниясының Лабубу шығаратын дүкені ашылғаны хабарланған болатын. Жүздеген адам кезекке тұрып, жұмсақ ойыншықты сатып алу мүмкіндігін күтті.

Соңғы жаңалықтар