АҚШ Мәскеу мен Киев арасындағы бітімгершілік ұсынысты енгізу фактісінің өзі жетістік деп санайды

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей мен Украинаның қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жоспарын ұсынудың өзі жетістік. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Fox News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

АҚШ Мәскеу мен Киев арасындағы бітімгершілік ұсынысты енгізу фактісінің өзі жетістік деп санайды
Фото: pixabay.com

— Ресейліктердің бітімгершілік жоспарын ұсынып жатқаны — жетістік. Украиндықтардың нақты ұсыныстар қойып отырғаны — жетістік, — деп атап өтті ол.

— Біздің (Құрама Штаттардың) ұстаным: Украинаның күйреуін қаламаймыз. Біз, әрине, Украинаның егемен ел болып қалуын қалаймыз. Бірақ Ресей ол әлі жаулап алмаған аумақты береді деп күтпегені дұрыс, — деді АҚШ әкімшілігі басшысының орын…

— Біз олардың (ресейліктердің) орынды дүниеден көп сұрайтынын білдік. Келіссөз осылай жүреді. Бұл мені алаңдатпайды, — деп атап өтті Вэнс.

— Егер біз ресейліктер келіссөзді адал жүргізіп жатқан жоқ деген қорытындыға келсек, алаңдауға негіз бар. Егер бұл жағдай бола қалса, президент (АҚШ президенті Дональд Трамп): «Біз кетеміз» дейді. Негізінен, бұл, менің ойымша, Ресей мен Украинаға мәселені Құрама Штаттардың кеңесі мен делдалдығынсыз шешу мүмкіндігі беріледі дегенді білдіреді, — деп мәлімдеді вице-президент.

Оның көзқарасы бойынша, жағдайдың осылай дамуы ешкімге, соның ішінде АҚШ, Ресей және Украина үшін жақсы болмас еді.

— Біз бұл жігіттерді тек құдыққа апара аламыз, біз оларға су ішкізе алмаймыз. Президент (Трамп) дәл солай жасады, — деп шамалады Вэнс.

Ол егер процесс бір орында тоқтап тұр деп шешсе, Вашингтон Украинадағы реттеуді жеңілдетуге тырысуды тоқтата алатынын қайталады. Вице-президент АҚШ-тың мұндай жұмыс үшін белгіленген мерзімді нақтылаған жоқ.

Айта кетейік, Трамп Украина мен Ресейді атысты 30 күнге тоқтатуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар