АҚШ Мемхатшысының қару айналымы жөніндегі көмекшісі Қазақстанға келеді

стюарт
Фото: state.gov

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару айналымын бақылау, тежеу және тұрақтылық саясаты жөніндегі көмекшісі Мэллори Стюарт келесі аптада Астанаға келеді. Бұл жайында АҚШ Мемлекеттік департаментінен хабарланды. 

Сапар 22-28 маусым аралығына жоспарланған. 

«Астанада Мемлекеттік хатшының көмекшісі Стюарт АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қазақстанның Қорғаныс министрлігі арасында ядролық тәуекелді төмендету жөніндегі ұлттық орталықтың (NNRRC) қауіпсіздік желісі бойынша келісімге қол қояды», — делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасында. 

Бұл келісім АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың әлуетін және тәуекелдер мен жаһандық тұрақтылықты төмендетуге жалпы қызығушылықты көрсетеді. 

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Стюарт одан кейін ядролық қарусыздануды бақылау жөніндегі халықаралық серіктестіктің (IPNDV) он жылдығына қатысу үшін Женеваға барады.

Онда ол ядролық қарусыздануды бақылаудың болашағы туралы сессияда сөз сөйлейді.

Соңғы жаңалықтар
telegram